Altynsarin institute-ның студенттері «ҚР 100 үздік  студенттерінің» қатарында

Altynsarin institute-ның студенттері «ҚР 100 үздік студенттерінің» қатарында

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен Республикалық «Қазақстан Республикасының 100 үздік студенті» атты талантты студенттердің байқауы өтті.

Мақсаты - Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды республикамыздың жастары арасында кеңінен насихаттау.
Ғ
ылым, өнер, спорт саласында, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (Студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері) жетістікке жеткен студенттердің бас қосқан аламанында Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ студенттері топ жарып, 100 үздік студенттің қатарын толтырды.
Олар:
«Биология» білім беру бағдарламасының студенті Шекербек Сымбат Оразбекқызы;
«Биология және география» ББ студенттері Сейткәрімова Дана Серікбайқызы, Қылышбек Айзат Мирамбекқызы, Марат Гүлнұр Бақытбекқызы;
«Химия және биология» ББ студенті Ташкенбай Аделина Кенжебекқызы;
«География жән тарих» ББ студенті Мұханбетжан Айзере Аманжолқызы;
«География» ББ студенті Негметова Айша Ғалымқызы;
«Математика және физика» ББ студенті Жанузакова Раушан;
«Ағылшын тілі» ББ студенті Құрбанәлі Аружан Әлішерқызы.
Астана қаласында өткен қорытынды конференцияда ҚР белгілі тұлғаларының қолынан студенттерімізге төсбелгі мен куәлік, жүлделі марапаттар мен ҚР Тұңғыш Президент орталығынан Сыйлық-кітап және студенттердің жетекшілеріне алғыс хат табысталды
.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502