«Оқушылардың цифрлық сауаттылығын бағалау» олимпиадасы өз мәресіне жетті

«Оқушылардың цифрлық сауаттылығын бағалау» олимпиадасы өз мәресіне жетті

«Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультеті «Информатика», «Информатика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және робототехника» білім беру бағдарламасы 9–11 сынып оқушылары үшін информатика пәнінен «Оқушылардың цифрлық сауаттылығын бағалау» қалалық пәндік олимпиадасын ұйымдастырды.

Пәндік олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының информатикадан, ақпараттық коммуникациялық технологиялар пәнінен қабілетін анықтау және оны сүйемелдеу.

Арқалық қаласы білім бөлімінің 7 мектебінен 20 оқушы олимпиадаға қатысты. Конкурс барысы екі кезеңді қамтыды.
Бірінші кезең – компьютерлік тестілеу;
Екінші кезең – Python бағдарламалау тілінде есептер шығару.

Олимпиада қорытындысында дарынды оқушылар анықталып, диплом, алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының ғылыми жетекшілеріне алғыс хат табыс етілді.
Конкурс нәтижесінде:
I дәрежелі диплом – Кейкі батыр атындағы №4 орта мектептің 10 сынып оқушысы Серикбай Баубек. Ғылыми жетекшісі: Қалтай Н.Б.
II дәрежелі диплом – Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 10 сынып оқушысы Сағындықова Мунира Төлегенқызы, 11 сынып оқушысы Исмагамбетова Фариза Талгатовна. Ғылыми жетекшісі: Мухамбетжанов А.Т.
III дәрежелі диплом – Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының 11 сынып оқушысы Бекенова Дина Аққожаевна. Ғылыми жетекшісі: Мухамбетжанов А.Т.
Кейкі батыр атындағы №4 орта мектептің 11 сынып оқушысы Нурбалиева Сымбат Султанбековна. Ғылыми жетекшісі: Альмагамбетов Р.К.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502