Altynsarin institute-да дәстүрлі институтішілік олимпиада өтті

Altynsarin institute-да дәстүрлі институтішілік олимпиада өтті

2024 жылдың 24-25 сәуір күндері «Педагогика және филология» факультеті «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен дәстүрлі педагогика және психология пәндері бойынша институтішілік олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты – белсенді және талантты білім алушыларды қолдау, студенттер үшін жарыс алаңын құру және практикалық тәжірибелері мен ғылыми іс-әрекеттерін жетілдіру, кәсіби құзыреттіліктерін көрсету.
Олимпиада ІІ кезеңнен тұрды:
I кезең – теориялық байқау: «Жаңартылған біліммен – жарқын болашаққа!» тақырыбында командалардың таныстыруы және «QUIZ GAME» блиц-тур;
ІІ кезең – практикалық байқау: 1-кезеңде педагогикалық импровизация және 2-кезеңде ғылыми жобалар конкурсы (үй тапсырмасы).


Байқауда «Педагогика және психология», «Жаратылыстану және ақпараттандыру», «Тарих және өнер» факультеттерінен «Төлегенов шәкірттері», «InspireApi», «Алаш ұрпақтары», «Алтынсарин ізбасарлары», «Physics», «Оазис», «Дәуір даналары» сынды 7 команда қатысып, бақ сынады.

«Білім саласындағы болашақ мамандардың педагогикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, туденттерді оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметіне ынталандыру, педагогикалық және зерттеу қызметінің әлеуетін анықтау міндеттерін көздеген олимпиада тартысты өрбіді» - деді, ұйымдастырушылар өз сөзінде.
Олимпиадада Altynsarin institute-ның зерттеу және стратегиялық даму жөніндегі проректор м.а. Ж.Б.Байсеитова, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің әдіскері С.О.Алматова, Арқалық қаласы білім бөлімнің психологі Д.А.Құрманғалиева, Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының бас режиссері Е.Е.Абжалов, А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К.Жапарова әділ бағасын беріп, қазылық жасады.

Институтішілік пәндік олимпиада қорытындысы бойынша:
І дәрежелі диплом мен кубокты «InspireApi» командасы, ғылыми жетекшісі Э.А.Акылбекова;
ІІ дәрежелі дипломмен «Төлегенов шәкірттері» командасы, ғылыми жетекшісі М.Т.Абдрахманова;
ІІІ дәрежелі дипломмен «Алаш ұрпақтары» командасы, ғылыми жетекшісі М.С.Өтеулі иеленді.
Барлық қатысушы командалар мен жетекшілік еткен оқытушыларға қатысқаны үшін алғыс хат табыс етілді.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502