«Тұрақты дамудың географиялық негіздері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы сізді география және табиғатты пайдалану факультеті, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 75 жылдығына, сондай-ақ профессорлар А.Т. Темірбеков пен Ш.М. Надыровтың мерейтойларына арналған 2023 жылғы 23-24 қарашада өтетін «Тұрақты дамудың географиялық негіздері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция жұмысы география мен тұрақты дамудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Конференцияның негізгі міндеті ғылыми зерттеулер тәжірибесімен алмасу және қазіргі уақыттағы тұрақты дамудың теориялық және қолданбалы мәселелерін талқылау болып табылады.
Конференция жұмысына белгілі ғалымдар мен практиктер, отандық және шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары қатысады.
Конференция бағдарламасы пленарлық және секциялық отырыстардың жұмысын қарастырады.
Секцияларда жұмыстар келесі бағыттар (тақырыптар) бойынша жоспарланған:
- Тұрақты дамудың әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және геосаяси факторлары;
- Тұрақты дамудың физикалық-географиялық, геоэкологиялық аспектілері және табиғатты ұтымды пайдалану;
- Жерге орналастыру және кадастр саласындағы зерттеулер, технологиялар және инновациялар;
- Су ресурстары және климаттық өзгерістер саласындағы ғылыми зерттеулер;
- Тұрақты туризмді дамыту жағдайындағы рекреациялық және туристік әлеует;
- Тұрақты даму үшін картография, ГАЖ-технологиялар және ЖҚЗ;
- Орта және жоғары білім берудегі географиялық білім мен әдіснаманың қазіргі мәселелері.

Скачать информационное письмо

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502