«Қазақстан ғылымы және оқу-ағарту жүйесі: даму жолдары мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Академик Т.Т. Тәжібаевтың туылғанына 114 жыл және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «Қазақстан ғылымы және оқу-ағарту жүйесі: даму жолдары мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияның мақсаты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үшінші ректоры, Т.Т.Тәжібаевтың (1910-1964) ғылым, білімге, басқарушы қызметіне бағытталған озық идеяларымен бөлісу. 90 жылдық тарихы бар университеттің дамуына ғалымдардың қосқан үлесі мен тәжірибелерін насихаттау.
Конференцияға ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, білім беру жүйесінің басшылары, мұғалімдер, докторанттар, магистранттар, студенттер және жас ғылыми зерттеушілер қатыса алады.
2024 жылдың 23 ақпанында оффлайн және онлайн режимінде өтеді.

КОНФЕРЕНЦИЯ СЕКЦИЯЛАРЫ:
Секция 1. Зерттеу университетінің басымдықтары және заманауи білім беру жүйесі
Секция 2. Академик Т.Т.Тәжібаевтың ғылыми идеялары мен басқарушылық қызметі
Секция 3. Педагогика ғылымындағы инновациялар: цифрлық педагогика, инновациялық оқыту әдістері
Секция 4. Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп пен жоғары мектеп сабақтастығы
Дөңгелек үстел: Университеттік білім беру жағдайында ғылыми зерттеулерді дамытудың негізгі
тенденциялары

Ақпараттық хатты жүктеп алу

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502