Altynsarin institute студенттерінің экобелсенділігі

Altynsarin institute студенттерінің экобелсенділігі

Экомәдениет – дүниежүзілік мәдениеттің бір құрамдас бөлігі. Экомәдениет, экотәрбие, экобілім, экоәдет бір-бірімен қатар жүретін ұғымдар. Сондықтан, студенттерге экологиялық мәдениетті теориялық қана емес практикалық тұрғыдан қалыптастыру аса маңызды.

Altynsarin institute-ның студенттері эконасихат жұмыстарына баса ден қойып, экобелсенділердің қатарын көбейтуде.

Олар «Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәнінен студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) жауапкершілікпен орындауда.
Күнделікті тұрмыста жасайтын іс-әрекеттері экоәдетке айналдыруды мақсат еткен студенттер «Жақсылық жаса!» пластикалық қалпақшаларды жинау акциясын қолдады.
Тапсырманы орындау аяқталғаннан кейін студенттер жиналған пластикалық қалпақшалардан қолөнер бұйымдарын жасап, қорғады.

Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің оқытушысы Жиенбай Сандуғаш Бауыржанқызының жетекшілігімен экобелсінділік танытқан студенттер аталмыш бастаманың жалғасын табарын жеткізді.
Өз сөзінде Сандуғаш Бауыржанқызы: «Қазақстанда экобелсенділер көп емес. Бірақ істеп жатқан жұмыстары нәтиже беріп жатыр. Оқу орындарын экологияландыру мәселесі қоғамда өзекті екендігі рас. Сондықтан біз студенттерімізді қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелейміз. Бұл туралы мемлекет басшысы да өз сөзіне тиек еткен», - деді.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502