«Мектеп оқулықтары: пән терминдерін жетілдіру және біріздендіру» тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы

2023 жылғы 17 қарашасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп «Мектеп оқулықтары: пән терминдерін жетілдіру және біріздендіру» тақырыбында онлайн режимде республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: Жаратылыстану бағыты пәндері бойынша мектеп оқулықтарындағы терминологиялық аппаратты талқылау және оны ретке келтіру жолдарын ұсыну.
Конференция жұмысына отандық ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, докторанттар мен магистранттар, жас ғалымдар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, тіл жанашырлары қатыса алады.
Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Мектеп оқулықтарында жаратылыстану бағыты пәндері бойынша терминдердің қолданылу жай-күйі;
2. Мектеп оқулықтарындағы терминологиялық лексиканы ғылыми мәтіндер корпусына енгізу және оны қолдану мәселесі.
3. Мектеп терминологиясын жетілдіру (әдістемесін жүйелеу).

Мақалалар 2023 жылдың 27 қазанына дейін қабылданады және конференция материалдары электрондық жинақ ретінде «termincom.kz» сайтына орналастырылады.
Жарияланым тегін.
Мақалаларды Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекенжайына жіберу керек.
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сауран, 7а көшесі, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы.
Байланыс телефондары: 8(7172) 27-30-42; +77477029797; +77023840277; 8(7172) 74-14-97.

Ақпараттық хатты жүктеп алу

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502