
ХІV Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы өз жалғасын тапты
Бүгін 22 сәуірде Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының ұйымдастыруымен ХІV Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы өз жалғасын тапты.
Аталған іс-шараның екінші күнінде соңғы 2 туры өтті:
- ІV тур - «Білімді мыңды жығар...» теориялық байқауы (тест тапсырмалары);
- V тур - «Болашақ маман шеберлігінен...» практикалық байқауы. Балабақшада оқу қызметін ұйымдастыру.
Командалар екіге бөлініп, бірі теориялық байқауын (тест тапсырмаларын) орындаса, екіншісі Арқалық қаласындағы «Раушан» және «Золотой ключик» балабақшалары базасында оқу қызметін ұйымдастырып, практикалық байқауын өткізді.
Екі күндік кезеңдерге барлық 16 команда студенттері белсенді қатысып, өте жақсы дайындықпен келіп, өнерлерін көрсетті.
Сонымен барлық ұпай сандарын қосып, қорытындылай келгенде келесі топтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүлдегерлері атанды:
- Бірінші орын - І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті;
- Екінші орын - Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті;
- Екінші орын - Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті;
- Үшінші орын - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
- Үшінші орын - Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті;
- Үшінші орын - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүлделерінен бөлек, ХІV Республикалық пәндік олимпиаданың қатысушы командалары Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Басқарма Төрағасы – Ректоры С.Б.Қуанышбаевтың тағайындаған марапаттарына ие болды.
Орындар:
- Бірінші орын - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті;
- Екінші орын - Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
- Екінші орын - Байишев атындағы Ақтөбе университеті;
- Екінші орын - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті;
- Екінші орын - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті;
- Үшінші орын - М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті;
- Үшінші орын - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті;
- Үшінші орын - А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті;
- Үшінші орын - Павлодар педагогикалық университеті.
Номинациялар:
- «Ұшқыр қиял иесі» - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті тобы;
- «Ең үздік білімгер» - І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті тобы;
- «Ең үздік панорамалық сабақ» - Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті студенті Кравченко Анастасия;
- «Ең үздік шығармашылық жоба» - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті тобы;
- «Көрермендер көзайымы» - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті тобы;
- «Өрелі ой иесі» - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті тобы;
- «Үздік образ сомдаушы» - Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті студенті Ержанқызы Айжан.
Олимпиадаға қатысушы барлық студенттермен команда жетекшілеріне Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ Басқарма Төрағасы – Ректоры С.Б.Қуанышбаевтың атынан сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.
Барлық жүлделі орын алған топтарды құттықтай келе, биік шыңдардан көріне беріңіздер деп тілек білдіреміз!