«Таза Қазақстан» республикалық акциясы Altynsarin institute-да жалғасуда

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы Altynsarin institute-да жалғасуда

Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ елімізде 13 сәуірден басталып, 11 мамырға дейін жалғасын табатын республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында белсенділік танытуда. Қоршаған ортаға деген экожауапкершілікті кеңінен насихаттау, табиғат пен адам арасындағы заңды байланыс шеңберінен шықпауға баулитын жалпыхалықтық акция бес аптаға жоспарланған.

Бірнеше өзекті тақырыптармен сипатталып, өрбіп келе жатқан республикалық акция бүгін 4 мамыр «Өнегелі ұрпақ» деп аталады. Сәйкесінше Altynsarin institute-дағы «Жаратылыстану және ақпараттандыру», «Педагогика және филология», «Тарих және өнер» факультетінің студенттері қаланың тазалығына ерікті түрде өз үлестерін қосуда. Олар өздеріне бекітілген қала аймағын қоқыс-қалдықтардан тазалап, көпшілікті сүйсінтті.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан аталмыш республикалық акция экологиялық мәдениетке және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді. Сонымен қатар Президенттің тілге тиек еткен «Адал азамат» ұстанымына адал перзенттердің артуына түрткі болады.
Елімізде бастау алған науқанның дәстүрлі жағасын табарына ЖОО студенттері зор сенім білдірді.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502