Altynsarin institute-да «Денсаулық – 2024» спартакиадасы басталды

Altynsarin institute-да «Денсаулық – 2024» спартакиадасы басталды

Бүгін Altynsarin institute-да профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы «Денсаулық – 2024» спартакиада ойындарының ашылу салтанаты өтті.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, институт құрама командасын жасақтау, ПОҚ және қызметкерлер арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттау мақсатында дәстүрлі жүзеге асатын бұл бастама айтулы шаралардың біріне айналып отыр.
Елімізде кәсіби спорттан бөлек бұқаралық спорттың да белсенді дамуына басымдық беріліп, кеңінен дәріптеліп жатқандығын анық байқауға болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің бір сөзінде: «2024 жылы елімізде Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Спортшыларымыз Жазғы олимпиадаға қатысады. Түптеп келгенде, әр азамат өз саласының нағыз маманы болуы керек. Сонда ғана Отанымыз өсіп-өркендейді», – деді. Бұл да өз кезегінде спортқа аса ден қоюдың алғышарты іспетті.
Спартакиаданың ашылу салтанатында оқу орнының ректоры Ержан Әмірбекұлы қатысушыларды құттықтап: «Біздің оқу орнымыздағы бұл үрдісті баршыңыз жыл бойына тағатсыздана күтесіздер. Дене тәрбиесіне баулитын шара әрқайсысыңызға ерекше әсер сыйлайды деп ойлаймын. Қатысушы командаларға сәттілік тілей келе, тамаша өнер көрсетулеріне тілектестік білдіремін»,-деді.
Altynsarin Institute-да жүзеге асатын спартакиада ойындарында «Достар», «Барыс», «Сұңқар», «Намыс» сынды 4 команда 7 спорт түрінен бақ сынасатын болады. Олар:
- «Волейбол»;
- «Дартс»;
- «Дойбы»;
- «Баскетбол»;
- «Үстел теннисі»;
- «Арқан тартыс»;
- «Футбол».
Қысқы спартакиада қаңтар айының 10-шы жұлдызынан бастап 12-не дейін 3 күнге ұласады.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502