«Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің базасында қос бірдей зертхана ашылды

«Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің базасында қос бірдей зертхана ашылды

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің базасында «Бейорганикалық, аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия» және «Адам және жануар анатомиясы мен физиологиясы» атты зертхана ашылды.

«Химия, Биология, химия және биология» білім беру бағдарламасының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін эксперименттер жүргізуге арналған ыңғайлы зертхана заманауи технологиялармен жабдықталған.
Мәселен, «Адам және жануар анатомиясы мен физиологиясы» зертханасы «Генетика», «Молекулалық биология», «Адам анатомиясы» және «Адам және жануарлар физиологиясы», «Зоология», «Ботаника», «Жалпы биология», «Өсімдіктер және жануарлар биологиясы» пәндерінен лекциялық, практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.

Ал, «Бейорганикалық, аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия» зертханасы «Бейорганикалық химия, Аналитикалық химия, Физикалық және коллоидтық химия пәндеріне гидроксидтер, индикаторлар, сульфаттар, сульфиттер, сульфидтер, қышқылдардың ерітінділері және зертханалық жұмыстарға арналған құрылғылармен жабдықталды.
Институт базасында студенттер үшін тәжірибелік алаң құру аса маңызды. Сәйкесінше, қазіргі таңда Физика білім беру бағдарламасы үшін жаңа зертхана дайындалу үстінде!
Қолайлы орта – сапалы білімді қамтамасыз етеді!

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502